Түймені басу арқылы сіз жеке деректерді өңдеуге және құпиялылық саясатына келісім бересіз
30.11.2024 г
АЛМАТЫ
«Мерзімі өткен өнім» — бұл бұзылған тауар емес, ойлау тәсілі.
Не маңыздырақ екені туралы таңдау — аз сома алып, адал адам болып қалу немесе алдап, пайда көру.
30.11.2024 Г • АЛМАТЫ • АЗАМАТТЫҚ БАЛҒЫНДЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ
Біреу сатушыға ескерту жасайды және мерзімі өткен өнімді алып тастауын сұрайды.
Біреу бақылаушы қызметтерге немесе полицияға арыз жазады.
Бірақ біздің басым бөлігіміз мерзімі өткен өнімді сөреге қайта қоямыз немесе жай ғана жанынан өтіп кетеміз.
Жаңа адамдар жиі дүкендерге рейдтер жүргізеді және табылған мерзімі өткен өнімді жояды.
Бірақ мәселе азық-түліктерде емес. Мерзімі өткен өнімде де емес.
Дүкен сөрелерінде мерзімі өткен тауарларды көргенде, біз қалай істейміз?
Мәселе неде екенін білу ↓
Мәселе сатылымның өзінде.
«Мерзімі өткен өнім сатылымы» деген не? Елестетіп көрейік, белгілі бір өнімнің жарамдылық мерзімі өтейін деп тұр. Егер тауар әлі де жарамды көрінсе және оны тұтыну асқазан бұзылуына әзірге кепілдік бермесе, сатушы қосымша пайда көруге тырысады. Бұл мәселені сатып алушыға және асқазанына ысыруға болса, неліктен табыссыз қалу керек?
Бұл жерде әлсіз тұс бар. Сауатты ұйымдастырылған дүкенде сатылмаған, мерзімі өткен тауарлармен қалудың барлық тәуекелдері ескерілген. Уақытында сатылмаған өнімді қайтаруға мүмкіндік беретін жеткізушілермен жасалатын арнайы келісімдер болады. Кейін мұндай тауар, мысалы, тұрақты тұрғындарының жарамдылық мерзіміне сезімталдығы төмен фермаға жіберілуі мүмкін. Кез келген сатушы, егер ол ақымақ болмаса, барлық 100% тауарды сату мүмкін болмайтынын түсінеді, ал сатылмаған өнім шығындары бизнес-жоспарға кірістіріледі.
Мұның бәрі солай. Бір «БІРАҚ» бар. Пайда мен ақша артық етпейді. Бір қарағанда, бұл тек азық-түлік дүкендеріне қатысты сияқты көрінеді. Алайда бұл формулаға тереңірек үңіліп көрейік: жасырын ақау туралы айту ма әлде жоқ па? Ақау туралы айтсаң — бір нәтиже, айтпаса — басқасы, соңғысы тиімдірек. Ақау туралы хабарламау көбірек ақша әкеледі.
Қаншалықты жиі біздің бәрімізге осы таңдауды жасауға тура келеді? Мектепте бала мұғалімге үй тапсырмасы бар дәптерін үйде ұмытып кеткенін айтады. Университетте студент емтихан сұрағының жауабын көшіріп алып, армандаған дипломын аламын деп үміттенеді. Мұғалім қарсылық танытпайды. Ол өзі де ЖОО білімінің деңгейі әлдеқашаннан бері жақсы мансап пен жоғары жалақыға кепілдік бермейтінін біледі. Салушы ғимаратты қарыздар мен құжаттар мәселелері кесірінен тұрғыза алмайтынын білгенімен, салынып бітпеген пәтерлерді сатады. Қорытындылай келе, көлік иесі «темір тұлпарын» тезірек сату үшін оның «жүгірісін» 2 есе арттырады.
«Мерзімі өткен өнім» — бұл мерзімі өткен тауарды есептен шығару мен оны жасырып сату арасындағы таңдау емес. Бұл біз үшін не маңыздырақ екені туралы сұрақ: азырақ сома алу, бірақ адал адам болып қалу ма? Әлде алдап, 2000 немесе 20 000 теңгені артық алу ма? Әлде бағаны, дипломды, жоғарылауды алу. Маңызды емес, өйткені «мерзімі өткен өнім» — бұл ойлау тәсілі.
30 қараша күні сағат 12:00-де Жаңа адамдар Кампусына келіп, «Жарамдылық мерзімі өткен заттар мен ескі ойлау жүйесіне жол жоқ!» деп айтыңыз.
Мәселенің себебі — әрбірімізде, біздің өзімізге және басқа адамдарға деген қарым-қатынасымызда. Әрбір адам: «Менің қадір-қасиетім — алдау арқылы келген пайдадан жоғары. Менің адалдығым — алдау мен өтірік арқылы келген пайдадан әлдеқайда қымбат», — деп айтқан кезде мерзімі өткен өнім жойылады.
Егер сен де солай ойласаң, мерзімі өткен өнім сататын дүкен мекенжайымен немесе өзің алданған жағдайды әшкере ететін плакат жаса.
Одан да үлкеніне дайынсың ба? Плакатқа өзіңнің «мерзімі өткен», яғни, пайдаға қол жеткізу үшін жасаған дұрыс емес әрекетің немесе жасырып қалған кезің туралы оқиғаны жаз.
30.11.2024 г
Түймені басу арқылы сіз жеке деректерді өңдеуге және құпиялылық саясатына келісім бересіз
ЧЕЛЛЕНДЖГЕ ТІРКЕЛУ
АЛМАТЫ
Іс-шара Жаңа адамдардар қозғалысының Кампусында өтеді, сондықтан арнайы рұқсат қажет емес.
Өкінішке орай, жоқ. Тек кәмелетке толғандар ғана қатыса алады.
Сенімен 24 сағат ішінде хабарласады. Егер олай болмаса, телефоныңның желі қолжетімділігін тексер. Егер бәрі дұрыс болса, жедел желіге хабарлас.
Ұйымдастырушылар саған хабарласып, әрі қарай не істеу керектігін айтады.
30 қараша күні сағат 11:00-де Жаңа адамдардар қозғалысының Кампусында (Алматы, Владимир Коккинаки көшесі, 7) жиналамыз. Акция сағат 12:00-де басталады, кешікпеуіңізді сұраймыз.
Әрине, бірақ олар да осы сайтта тіркеліп, ұйымдастырушылардың қоңырауын күтулері керек.
Шараны Жаңа адамдар қозғалысының Алматыдағы аймақтық кампусы ұйымдастырып жатыр. Шеру алдында бізбен танысқың келе ме? Владимир Коккинаки, 7 мекенжайындағы біздің кампусқа кел.
Түк етпейді. Сайтта көрсетілген нөмірге келе алмайтыныңды хабарла.
Иә, әрине. Бірақ өтетін жерге (және кері) өзің жетуіңе тура келеді.